Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды •

    «Жүруден қалған»Алматылық нейрохирургтер 45 жастағы әйелдің омыртқасына ота жасады

    Орталық қалалық клиникалық аурухана нейрохирургтері нейронавигациялық жүйемен жұмыс істейтін жоғары технологиялық қондырғы көмегімен күрделі операциялар жасай бастады. Медициналық қызметтің бұл түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі. ОҚКА баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, алғашқы ота 45 жастағы әйелге жасалған. Беломыртқасының бірнеше жерінде спондилолистез пайда болған пациент ауруханаға келгенде аяғын баса алмайтын. Болмашы қимыл-қозғалыстың өзін қатты ауырсынатын. Тексере келе бұған дейін әйелге елдегі бірнеше клиникада үш рет ота жасалғаны белгілі болды. Алайда бірде-бірі көмектеспеген.
    Дәрігерлердің айтуынша, спондилолистез – бір омыртқаның орнынан қозғалып, жоғары немесе төмен жылжуы дегенді білдіреді.

    «Спондилолистез салдарынан омыртқаның пішіні бұзылады, омыртқа арасындағы канал тарылып, стеноз пайда болады. Сонымен қатар, омыртқадағы жүйке тамырлары қысылады. Біздің пациентіміз жүріп-тұра алмағандықтан, шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсету туралы шешім қабылданды», — дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.

    Бұрын мұндай операциялар рентген сәулемен жұмыс істейтін электронды-оптикалық күшейткішпен жасалатын. Жоғары технологиялық қондырғы отаны мейлінше жеңілдетті. Оған қоса, жаңа қондырғы операцияны асқан дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді.

    «Операция омыртқаларды бекітіп, қысылған жүйке тамырларына түскен қысымды азайтуға бағытталды. Ота барысында қысылған омыртқа каналы босатылып, 3 жерден омыртқааралық имплант орнатылды. Жоғары технологиялық ота 5 сағатқа созылды. Пациент үшінші күні аяққа тұрды», — дейді Марат Алматов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →