Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

    «Жақтаушылар 71,12% құрады»: Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумның соңғы шешімі белгілі болды

    «Жақтаушылар 71,12% құрады»: Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумның соңғы шешімі белгілі болды

    Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұрлан Әбдіров референдум қорытындылары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Орталық референдум комиссиясы еліміздегі референдумды өтті деп санайды. Дауыс беруге 7 млн 820 мыңнан астам адам қатысқан.

    «Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.    Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады»,- деді Нұрлан Әбдіров.

    Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →