Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады
Фото: depositphotos.com/3DSculptor
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Oilprice.com мәліметінше, 22 қазанда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110,50 долларға жетті. Баға 1,68 долларға немесе 1,54%-ға өсті.
WTI маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 98,41 доллар болып, 1,30%-ға қымбаттады.
Ал Urals маркалы мұнай керісінше, 0,84 долларға немесе 0,80%-ға арзандап, барреліне 104,76 долларға түсті.
Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың ушығуы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді күшейтіп отыр.
