Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды •

    Батыс Қазақстан облысында аудандық Мәдениет үйінің құрылысы тоқтап қалды

    Батыс Қазақстан облысында аудандық Мәдениет үйінің құрылысы тоқтап қалды

    Батыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы еріктілер Бәйтерек ауданы Щапов ауылында салынып жатқан мәдениет үйі құрылысына мониторинг жүргізді.

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінен мәлім еткеніндей, клуб құрылысына бюджеттен 560 млн астам теңге қаралған.

    «Нысанның мердігері – «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС. Техникалық қадағалауды «Тұран Құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалауды «БС Строй холдинг» ЖШС жүзеге асыруда. Мәдениет үйінің құрылысын биылғы желтоқсан айында аяқтау көзделген. Алайда құрылыс алаңындағы қазіргі жағдай бұл мерзімнің бұзылуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Мониторинг нәтижелері бойынша еріктілер құрылыс қарқынын жылдамдату жөнінде ұсыныстар жіберді», — деп хабарлады ведомстводан.

    Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов аталмыш құрылысқа қажетті 271 млн теңгені республикалық бюджеттен бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

    «Мәдениет, өнер және спортты қолдау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты жетекшілік ететін органдар құрылыс барысын ұдайы бақылап, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда тиісті шараларды уақтылы қабылдауға міндетті. Біз осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз», — дейді еріктілер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →