Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    «Ресейліктер Оралға жаппай көшіп келіп жатыр»: ПД ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

    «Ресейліктер Оралға жаппай көшіп келіп жатыр»: ПД ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

    Әлеуметтік желіде ресейліктердің Оралға жаппай көшіп келіп жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. Бейнежазбада ер адам орыстардың жүктерімен, заттарымен соғыстан қашып келіп жатқанын айтады.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 тамызға қараған түні Оралға Ресейден босқындардың үш автобуспен келгені туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралған.

    Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Шын мәнісінде бұлар – Ресей Федерациясындағы ЖОО-ларға түскен БҚО мектептерінің түлектері. Атап айтқанда, бейнежазбаға Қазанға бара жатқан абитуриенттер (135-тей адам) түскен. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, деп хабарлады ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →