Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді •

    Оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу ісі: Қызылордада ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті

    Оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу ісі: Қызылордада ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті

    Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды. 

    Ведомство дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеліп жатыр.

    «Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар», – делінген министрлік жауабында.

    Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.

    Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.

    Еске салайық, бұған дейін Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы хабарлаған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →