Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр •

    Рейстің уақытын ауыстырған: Алматыда әуежайдың заттарын қиратқан жолаушылар жазаға тартылмақ

    Рейстің уақытын ауыстырған: Алматыда әуежайдың заттарын қиратқан жолаушылар жазаға тартылмақ

    Алматы әуежайында рейсі кешіккен азаматтар жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

    FlyArystan әуе кемесі «Алматы – Астана» бағытында сағат 09:05 ұшуы керек болған. Алайда жүйедегі техникалық ақауға байланысты жолаушыларға алдымен рейстің 10:55-ке ауысқаны туралы, одан кейін 09:25-те ұшатыны туралы ескерту хабарлама келген. Оқиға салдарынан біраз жолаушы рейске мініп үлгермей қалған.

    Уақытылы ұшып кете алмаған жолаушылар әуе компаниясының тіркеу үстелінде шу шығарып, бірнеше затты қиратқан. Аталған жағдайға байланысты Көліктегі Полиция департаменті түсініктеме берді.

    «Әуекомпания қызметкерлері полицияға арызбен жүгінді. Тексеру кезінде 31 жастағы әйелдің өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлеріне бейәдеп сөз айтқаны анықталды. Сонымен қатар, ол тіркеу үстеліндегі мониторды зақымдаған. Әйелге қатысты көлік полицейлері ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғады. Жиналған материалдар сотқа жібереді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →