Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр •

    Бектеновке есеп берді: Жетісу облысында 358 ауылдың тек 37-сі ғана газбен қамтылған

    Бектеновке есеп берді: Жетісу облысында 358 ауылдың тек 37-сі ғана газбен қамтылған

    Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Үкімет басшысы

    Газ құбырының жалпы ұзындығы 302,4 км құрайды. Жоба аясында 6 газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген. Газ құбырының өткізу мүмкіндігі – жылына 385 млн м3 газ. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов нысанды іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отырғанын баяндады.

    Жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін облысты газдандыру деңгейі 90%-ға дейін өседі.

    Жалпы, Жетісу облысында 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, 37 елді мекен газбен қамтылды, 334 мың адам (47,6%) газға қол жеткізді. Елімізде барлығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 60%-ды құрады (12 млн адамға газ қолжетімді).

    «Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Үкімет ерекше мән береді. Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруғ «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражаты, тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капитал белсенді түрде тартылуда. «Самұрық-Қазына» қаражаты есебінен 42 газбен қамту жобасын іске асыруға 10,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жыл соңына дейін Жетісу облысындағы тағы 30 елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», — деді Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →