Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты

    Павлодар облысында 13, 16 және 17 жастағы қыздар зорланды

    Павлодар облысында 13, 16 және 17 жастағы қыздар зорланды

    Жасөспірім қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің үш бірдей оқиғасы кейінгі бір апта көлемінде анықталып отыр. Ал, жыл басынан кәмелет жасына жетпегендердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар бойынша 10 факті белгілі болған, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған Qazaq.today. 

    Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.

    «Павлодар облысында кәмелет жасына толмаған 13, 16 және 17 жасар қыз балаларды зорлау фактісі расталды. Алғашқысы Екібастұз қаласында болған. Ер адам Telegram мессендержері арқылы қызбен сөйлесіп, кейін онымен кездесіп, ойындағы зұлым әрекетін жүзеге асырған. Ал, 16 және 17 жасар қыз балалар өзге өңірлерде тұрады. Олар өздерінің зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы ешкімге тіс жармаған. Барлығымен сөйлестім. Қыздардың бірі бірнеше күн отыра алмағанын мойындады. Қолын ұстағанымда дірілдеп, көз жасын төгіп, жылады. Мен бұл жағдайға оның кінәлі емес екенін түсіндіруге тырыстым. Статистикаға сүйенсек, зорлық-зомбылық жасайтындар көбіне өз әкесі немесе өгей әкесі, отбасының өзге туыстары, бірге тұратындар, көршілері, отбасының достары болып келеді. Жыныстық тұрғыдағы зорлық-зомбылықты кім жасаса да оған ақтау мен кешірім болмауы керек», — деді Сәуле Шәкенова Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

    Ал, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов 16 және 17 жастағы қыздарды зорлау фактісі бойынша бір күдікті азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. 

    «Кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп мәлімдеді ол. 

    Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен жалпы жыл басынан Павлодар облысында кәмелет жасына толмағандарды зорлау бойынша 10 факті тіркелгенін айтады. Оның 6-ауы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →