Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды •

    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды
    Фото: fizmat.kz

    Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) оқушылардың жаппай улануына байланысты тергеу жалғасып жатыр. 13 қазанда болған оқиғадан кейін асханаға жүргізілген санитариялық тексеру бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зертханалық сараптама кезінде кейбір дайын тағамдардан микробтық ластану белгілері табылған. Сонымен қатар тағам үлгілері мен ыдыстардан ішек таяқшасы анықталды. Ал асханада қолданылған залалсыздандыру ерітіндісінің құрамы санитариялық талаптарға сай болмаған.

    Тексеру кезінде асхана қызметкерлерінің 38-і медициналық бақылаудан өткен. Олардың төртеуінен алтын түсті стафилококк бактериясын тасымалдаушылық анықталған. Осыған байланысты аталған қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілді.

    Бұдан бөлек, асханада азық-түлік пен тәуліктік тағам сынамаларын сақтау талаптары бұзылғаны белгілі болды. Бекітілген мәзір сақталмаған, кейбір құжаттар мен ас үй құралдарында тиісті таңбалар болмаған.

    Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты РФММ әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен «MasterFood» компаниясына қатысты материалдар полицияға жолданды.

    Сондай-ақ аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →