Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Президент Ұлттық банк төрағасын тағайындады Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Президент Ұлттық банк төрағасын тағайындады Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті

    Колледждерге 145 мың грант бөлінді

    Колледждерге 145 мың грант бөлінді

    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, студенттердің 90%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

    «Мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 100%-ға дейін өседі. Сондай-ақ, колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасып жатыр. Ол бойынша жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады. Бұл кадрларды еңбек нарығының талабына сәйкес дайындауға мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.

    Қазір 518 кәсіпорын 410 колледждің түлектерін практикалық даярлауға, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, дуальді оқытуға және шефтік қамқорлық көрсетуге қатысып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →