Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды 1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты

    Нұрсұлтан Құрман: Қамшыбекті күміс әкеледі деп ойладым

    Нұрсұлтан Құрман: Қамшыбекті күміс әкеледі деп ойладым

    Қазір әлем назары Францияда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында. Қазақстан үшін Олимпиаданың алғашқы күні қуанышқа толып, дзюдодан тарихи жеңіс сыйлап, қоржынымызға алғашқы алтынды салған Елдос Сметовтен кейін басқа спорт түрлерінен тек сүрінумен келеміз. Әсіресе бокстан есе жібермейтін, қара күшпен танылған қазақ боксшыларының жолы болмай, халықтың еңсесі түсіп қалғандай. Бар үміт тек кеше финлған өткен – Нұрбек Оралбайда. Qasqa Jol YouTube арнасы осы тартысты әрі сұраққа толы Олимпиада ойындары туралы арнайы шығарылымда спорт журналисі, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманның ойын білді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Бокс о бастан, Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадаға қатыса бастады. Атлантадан бастап медаль алып келе жатқан спорт түрі. 2004-ке дейін Сидней болсын, екі алтын алған кездер болды. Біздің ел доминация көрсететін, әлемге үлгі боларлықтай спорт түрі деп ойлаймын», — дейді журналист.

    Сонымен қатар ол биылға Олипиада ойындары, әсіресе бокс біз үшін өте сәтсіз болғанын атап өтті.

    «Арманмен оянып, нервпен» ұйықтаймыз. Шынында солай болып жатыр. Жеті боксшымыз бар, соның алтауы «ұшып кетті ғой». Мен Қамшыбекті күміс әкеледі деп ойладым. Асланбектен, Сәкен Бибосыновтан да медаль күткеніміз рас. Мұхамедсабыр жақсы келе жатыр еді, сол ала ма деген ойда болдық. Нұрбек пен Айбектен о бастан медаль күттім. Шүкір, Нұрбек жартылай финалға шықты. Алтынға лайық болсын деп тілейміз, үміттіміз.

    Бұл біз үшін бокстан өте сәтсіз, трагедияға толы, «қаралы», жолымыз болмаған Олимпиада болды. Бұл үлкен өзгерісті, отырыстарды және ашық сұрақтарды қойып талап етеді», — деді Нұрсұлтан Құрман.

    Сұхбаттың толық нұсқасын көру үшін сілтемеден өтіңіз: «Боксшылар-ерке, Рыбакинаның ауырғанына сенбеймін» — Нұрсұлтан Құрман

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →