Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты

    Түркістанда 153 миллион теңге қарызы бар азамат анықталды

    Түркістанда 153 миллион теңге қарызы бар азамат анықталды

    Түркістан облысының полициясы 153 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген азаматты анықтады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізеді.

    Мәселен, кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түсті.

    Жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.

    Айта кетейік, соңғы айда Түркістан облысының полициясы «Қорғау» бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойылған.

    Фото: polisia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →