Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді Семейде өсіп тұрған ағаштарды бетондап тастаған: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді

    Ақтауда білім басқармасының басшысы мен үш директор сотталды

    Ақтауда білім басқармасының басшысы мен үш директор сотталды

    Ақтауда білім басқармасының басшысы мен үш директор сотталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Dalanews.kz сайтына сілтеп.

    Сот жеке кәсіпкерді, білім басқармасының бұрынғы басшысын және үш мектеп директорын сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім басқармасының бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.
    Тергеу органымен жеке кәсіпкер Ш. лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген (ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен) бұрынғы білім басқармасының басшысы Б. және үш мектеп директоры пара алғаны үшін (ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен) айыпталған.
    Сот анықтағаны:
    Жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісім-шартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісім-шарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға — сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге — 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған.
    Сотталушылардың кінәсі куәгерлердеің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді.
    Соттың шешімі:
    Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкіну және жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
    Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігінде параның 50-ден 60-қа дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық кодекстің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағында параның 40-тан 50-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген.
    Б. мен Н.-ге ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
    С.-ға Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігімен — 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 2 тармағына сәйкес, — 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салу. Жеке кәсіпкер Ш. Қылмыстық кодекстің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен — 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →