Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен жеңді.
Сурет: ҰОК
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.
