Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Тасжолдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза тапты, он жолаушы жарақат алды • Үндістандағы діни мерекеде 17 адам қаза тапты • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды •

    Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді

    Жамбыл облысындағы №67 мекемеде сотталушыға тыйым салынған заттарды беру әрекетінің жолы кесілді. Сусабын бөтелкесінен ақ ұнтақ және үш SIM картасы табылып, тергеу басталды.

    Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді

    Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті

    Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік жөніндегі №67 мекемесінде тыйым салынған заттарды сотталушыға өткізу әрекетінің жолы кесілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мекеменің жедел-режимдік бөлімінің қызметкерлері қабылдау пунктінің бақылаушыларымен бірлесіп, азамат әкелген азық-түлікті тексеру барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды анықтады.

    «Сусабын бөтелкесінің ішінен белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат табылды, болжамды салмағы шамамен 1-2 гр. Сонымен қатар, үш SIM картасы тәркіленді. „Сыйлық“ мекемеде сотталғанға берілгені анықталды», — делінген хабарламада.

    Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған заттар оралып, мөрленген, сот-химиялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →