Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды
Астанада «Солтүстік айналма» тас жолында ер адам үш метрлік траншеяға құлап, ТЖМ құтқарушылары оны экскаватормен шығарды. Оның жағдайы белгісіз.
Фото: Newtimes.kz
Астанадағы «Солтүстік айналма» тас жолының Байқоңыр ауданында төтенше жағдай орын алды. Зардап шеккен адам туралы хабар 103 қызметінен құтқарушыларға түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ер адамды үш метрлік траншеядан шығару үшін экскаватор мен носилканы пайдаланды. Оның жағдайы мен құлау мән-жайы туралы ақпарат берілмейді.
Бұған дейін Қостанай облысындағы ауылда құтқарушылар ықтимал жарылыстың алдын алғаны хабарланған болатын.
