Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы күміс алды Қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарында 13 медаль жеңіп алды Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын Қазақконцерт 66-маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арнады Грекиядағы әуе шоуында F-4 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы күміс алды Қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарында 13 медаль жеңіп алды Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын Қазақконцерт 66-маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 120 жылдығына арнады Грекиядағы әуе шоуында F-4 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты

    Шымкентте анасын соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

    Шымкентте анасын соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

    Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.

    Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

    Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

    4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

    «Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», — делінген полиция мәліметінде. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →