Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді
Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының 107–232 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін бір бағытта қозғалыс шектелді. Жолды 1 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
Сурет: istockphoto
Ақмола облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
2026 жылғы 1 қарашада сағат 20:00-де «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 107–232 шақырым аралығында (Ақкөл қаласы – Щучинск қаласы) барлық автокөлік түрлері үшін бір бағытта қозғалысқа шектеу қойылды. Шектеу жол-көлік оқиғасына, жол жүрудің қиындауына және тергеу амалдарын жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілген.
Жолды 2026 жылғы 1 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
