Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген
Ресейдің Ростов облысында ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйіттерін бөлшектеген. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Akhmetov Vadim / URA.RU / Globallookpress.com
Ресейдің Ростов облысында ер адам жұбайларды ұрлап, өлтірген. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері бөлшектеу белгілерімен екі күннен кейін Ақсай ауданында табылды. Күдікті ұсталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қақтығыс 30 қазанда Ростов-на-Дону қаласында болған. Ер адам жұбайларды көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен.
Кейін ол екеуіне де бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан ер мен әйел сол жерде қаза тапқан.
Олардың мәйіттері 1 қарашада Ростов облысының Ақсай ауданында табылды. Мәйіттерде бөлшектеу белгілері болған.
Ұсталған адамға қатысты екі адамды ұрлау және өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Қызылордада жергілікті тұрғынды өлтіру ісі тергеліп жатқаны хабарланған. Марқұмның отбасының айтуынша, шабуылға 11 адам қатысқан болуы мүмкін, алайда тек үшеуі ғана ұсталған. Туыстары оқиғаға қатысы барлардың барлығын анықтауды талап етеді. Полицияда басқа адамдардың қатысуы мүмкін деген мәліметтер тексеріліп жатқанын хабарлады.
