Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді •

    Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады

    Елена Рыбакина 2026 жыл қорытындысы бойынша WTA жекелей рейтингінде бірінші орынды иеленетінін кепілдендірді. Ол Азияның тұңғыш көшбасшысы атанды.

    Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады

    Фото: sports.kz

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей сындағы рейтингінде бірінші орынды иеленетініне кепілдік берді. Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін ол маусым соңына дейін ең жақын қарсыластарына жеткізбейтін болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Рыбакина — жыл қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жекелей рейтингте көш бастайтын Азия елінің тұңғыш өкілі. Осылайша, оның жетістігі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия теннисі үшін тарихи оқиғаға айналды.

    Елена маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайтынына қатысты әсерімен бөлісіп, жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтты.

    «Жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтайтыныма өте бақыттымын. Осы керемет жыл бойы маған қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Келесі жылы да осындай жоғары деңгейде өнер көрсетуді жалғастыра аламын деп үміттенемін», — деді Рыбакина.

    Маусымды бірінші орында аяқтау — әлемдік рейтингтің барлық көшбасшысына бірдей бұйырмаған жетістік. Жапониялық Наоми Осака WTA рейтингінде көш бастағанымен, жыл қорытындысы бойынша бірде-бір рет әлемнің бірінші ракеткасы атанбаған. Ресей атынан өнер көрсеткен Мария Шарапова мен Динара Сафина да мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

    Алдағы жарыстардағы өзінің де, ең жақын қарсыластарының да нәтижелеріне қарамастан, Рыбакина жыл соңына дейін әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады. Қазіргі таңда қазақстандық теннисшінің лайв-рейтингте 9501 ұпайы бар, ал екінші орында тұрған Арина Соболенконың еншісінде 7550 ұпай. Осылайша, Еленаның басымдығы 1951 ұпайды құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →