Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты
Қазақстандық жағажай волейболшылары Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек Дакардағы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының топтық кезеңін екінші орынмен аяқтап, плей-оффқа шықты.
Сурет: ҰОК
Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның жағажай волейбол жұбы топтық кезеңді сәтті аяқтады. Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек С тобындағы ойындарды екінші орынмен қорытындылап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Топтық кезеңнің соңғы матчында отандастарымыз Аустралия өкілдері Райан Эдгар мен Томас Тёрнерге қарсы шықты. Бұл кездесуде қазақстандықтар 0:2 (15:21, 16:21) есебімен жеңіліс тапты.
Осы нәтижеге қарамастан, Қазақстан құрамасы топта екінші орынды иеленіп, Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне өтті. Жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалындағы қарсыластары кейінірек анықталады.
