Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді •

    Қазақстан ҚХР сауда айналымын 100 млрд долларға жеткізбек

    Қазақстан ҚХР сауда айналымын 100 млрд долларға жеткізбек

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СИНЬХУА агенттігіне сұхбат берді. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстандағы сапары қарсаңында екі елдің өзара достығы  мен тауар айналымы жайлы, айтты деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі russian.news сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының мәліметінше, Қазақстанда 4 700-ге жуық қазақ-қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істеп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын толыққанды қолдайтынын айтты.

    «Біз алдымызға Қытаймен арадағы көпқырлы қарым-қатынасты ары қарай тереңдету бағытында өршіл жоспарлар қойып отырмыз. Оған қажетті алғышарттар мен жағдайдың бәрін жасап жатырмыз. Өзара ықпалдастықтың қазіргі жоғары қарқынын ескерсек, арадағы сауда айналымын 100 млрд долларға жеткізу толықтай қол жеткізуге болатын меже. Бұдан бөлек қаржы секторындағы бірлескен қызметіміздің аясын кеңейтпекшіміз. Ол үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бүгінде бұл орталықта 78 елден 2 800-ге жуық шетелдік компания тіркелген. Оның оннан бір бөлігі Қытайдан», — деді Президент.

    Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы тауар айналымының жыл сайын өсіп жатқанына тоқталды. Оның сөзінше, соңғы отыз жылда сауда айналымы 100 есеге өсіп, 41 млрд долларға жеткен.

    «Қытай Халық Республикасы сауда мен инвестиция саласында Қазақстанның жетекші серіктесі ретіндегі орнын сақтап отыр. 30 жылдан асатын қарым-қатынастың арқасында қос елдің арасындағы сауда айналымы 100 есе өсіп, 2023 жылы 41 млрд долларға жетті. Бұл тарихи рекорд болып есептеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстандағы ірі инвесторлардың алғақы төрттігіне енді. 2023 жылы бұл ел 2 млрд долларға жуық тікелей инвестиция салған. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 16,4 көп. Жалпы Қазақстан экономикасындағы Қытай инвестициясының жиынтық көлемі 25 млрд доллардан асты», — деді Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →