Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады
Қазақстан БАӘ ұсынған Лана Заки Нусейбенің БҰҰ бас хатшысы қызметіне кандидатурасын қолдады. СІМ мәлімдемесі және сайлау барысы туралы ақпарат.
Фото: AP Photo
Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған Лана Заки Нусейбенің БҰҰ бас хатшысы қызметіне кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Лана Заки Нусейбе қазір БАӘ-нің сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қызметін атқарады. Бұған дейін ол елінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған.
СІМ мәліметінше, БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау барысында Қауіпсіздік Кеңесіне ортақ шешімге келу қиынға соғып отыр. Мұны бұған дейінгі бейресми дауыс беру нәтижелері көрсеткен.
Қазақстан үміткерлер санының көбеюін құптайды. Министрлік мұны келіссөздерді жалғастырып, тараптарға қолайлы шешім табудың қосымша мүмкіндігі деп санайды.
Қазақстан БҰҰ бас хатшысын сайлау ашық әрі әділ өтіп, үміткерлердің кәсіби біліктілігі ескерілуі керек деген ұстанымда.
