Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдап, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

    Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады. Кездесу Ақордада өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент NVIDIA басшысының сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Дженсен Хуангтың отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

    – NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады. Сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды.

    Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →