Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді •

    Боливияда президентке қарсы ұйымдастырылған әскери төңкеріс сәтсіз аяқталды

    Боливияда президентке қарсы ұйымдастырылған әскери төңкеріс сәтсіз аяқталды

    Боливияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасақ болып бүлік шығарды. The Associated Press. жазуынша әскерилер билікті күшпен басып алмақ болған. Алайда әскерилердің әрекеті сәтсіз аяқталды. Көшелер әскери техникаларға толып кеткен. Бүлікшілер ел  астанасы Ла-Пастағы үкімет сарайы мен  президент Луис Арсе үкіметін бақылауға алды.

    Генерал Хуан Хосе Суньиги әскери күштер елді құртып, оны дағдарысқа апаратын саясаткерлердің әрекеттерінен шаршағанын, осыған байланысты қарулы күштер «нағыз демократияны» қалпына келтіруге ниетті екенін айтты. Бірақ президентті құлату әрекеті сәтсіз аяқталған. Жеме жемге келгенде Л.Арсенің саяси қарсыластары да демократияны қорғау және көтерілісті болдырмау үшін президентті қолдап шыққан.

    Бір сағат өтпей-ақ президент Л.Арсе армияның, флоттың және әуе күштерінің жаңа басшыларын жариялады, содан кейін әскерлер көтерілісті тоқтатып, шегінді. Бүлікшіл армияның бас қолбасшысы генерал Х.Суньиги тұтқындалды. Бас прокурор тергеуді бастады. Әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Хуан Арнес Сальвадор да қамауға алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →