Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсем, аңыздағы қаһармандар құрмайды – Тоқаев

    Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсем, аңыздағы қаһармандар құрмайды – Тоқаев

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарын жан-жақты насихаттау қажет екенін баса айтты. Президенттің  сөзінше, осындай адамдар —  заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі. Бұл туралы Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін құттықтау сәтінде айтты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    «Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта. Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген. Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →