Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаева сынға қалды Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Қызын хиджабпен ұзатқан Алтынай Жорабаева сынға қалды Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

    Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

    Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.

    – Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →