Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағанды облысында әкімдіктің есепшісі өзіне 5 млн теңгені заңсыз аударған

    Қарағанды облысында әкімдіктің есепшісі өзіне 5 млн теңгені заңсыз аударған

    Осакаров ауданында әкімдіктің бұрынғы есепшісі 3,6 жылға сотталды, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

    Аудандық прокуратура Молодежный кентінің әкімдігінде жұмыс істеген бұрынғы бухгалтердің 2022-2023 жылдары өзіне 5 млн теңгеден асатын қаражатты негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Осакаров аудандық сотының үкімімен есепші кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

    Мемлекетке келтірілген шығын толық өтелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →