Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жеңімпаз Ислам Махачевтің келесі арманы – Шавкат Рахмонов дивизионында чемпион атану

    Жеңімпаз Ислам Махачевтің келесі арманы – Шавкат Рахмонов дивизионында чемпион атану

    Жоспары – басқа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу алу.

    Аралас жекпе-жектен UFC 302 турнирінде ресейлік Ислам Махачев чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

    Қанды жекпе-жек Ньюарк қаласында (АҚШ) өтті. Басты сайыста ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы (70 келіге дейін) ресейлік Ислам Махачев америкалық Дастин Порьеден өз чемпиондық атағын қорғау үшін барын салды.

    Бастапқыда 3 раундпен шектеледі деп күткен жекпе-жек бес раундқа созылып, соңғысында Махачевтің тұншықтырып жеңуімен аяқталды. Осылайша Ислам жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қатарынан үшінші рет қорғады.

    Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Махачев флеш-сұхбат барысында сегізбұрышта өзінің жоспары басқа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу алу екенін айтты.

    Бұл менің арманым. Мен екінші белбеу үшін күрескім келеді. Жартылай орта салмақ. Иә, бұл менің арманым, — деді Махачев жекпе-жектен кейін.

    Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы — Леон Эдвардс. Дивизиондағы үшінші нөмір – жеңілмеген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов.

    Ал 32 жастағы Махачев бүгінгі күнге дейін 26 жеңіс пен бір жеңілісті басынан өткерді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →