Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуына қатысты пікір білдірді

    Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуы туралы сұхбатта пікір білдіріп, жеке өміріндегі жылулықтың жетіспегенін айтты. Әлеуметтік желі қолданушылары оған қолдау білдірді.

    Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуына қатысты пікір білдірді

    Сурет: sn.kz

    Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуы жайында сұхбат беріп, өз ойын ашық жеткізді. Ол бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге айтқан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Актрисаның сөзінше, өнердегі жетістіктер мен халықтың ықыласы жеке өмірдегі жылулық пен қамқорлықтың орнын толтыра алмайды.

    «Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат. Мен жылулық, қамқорлық, қорғаныс іздедім. Өзімді қорғап жүруден шаршадым. Бірақ қорғанып жүрсем де, маған оқ тиетінін түсіндім», – деді Дариға Бадықова.

    Актрисаның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, алдағы уақытта бақытты болуын тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →