Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
ДСМ мәліметінше, Жетісу облысының 31 жастағы тұрғыны төрт ұл баланы дүниеге әкелді. Енді отбасындағы бала саны жетеуге жетті. Нәрестелер 24 қыркүйекте жүктіліктің 30 аптасы 6 күнінде кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.
Оларға Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген есім берілді.

«Бірден төрт бала күтіп жүргенімді білгенде, бойымды сан түрлі сезім биледі. Таңғалдым, қуандым, әрине, қобалжыдым. Алда оңай жол күтіп тұрмағанын түсіндім, бірақ бәрі жақсы болатынына сендім. Маған және сәбилеріме қамқорлық көрсетіп, қолдау білдірген дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне шексіз алғыс айтамын», – деді сәбилердің анасы.
Болашақ ана жүктіліктің 23-аптасынан бастап орталық мамандарының бақылауында болған.
