Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мансар Орынханның әйелі күйеуінің оны бұғаттағанын айтты

    «Миллион» жайдарман командасының мүшесі Мансар Орынханның әйелі Instagram-да күйеуі оны бұғаттап, үйге қонбай жүргенін жазды. Ол үш баламен қалғанын айтты.

    Мансар Орынханның әйелі күйеуінің оны бұғаттағанын айтты

    Фото: Caravan.kz

    «Миллион» жайдарман командасының мүшесі Мансар Орынханның әйелі әлеуметтік желіде жазба жариялап, күйеуінің оны барлық жерден бұғаттап тастағанын мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол бұл туралы Instagram-дағы stories-де жазды.

    «Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын… Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды. Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес!!! Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты. Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың кеше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен теңтертпе. Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да», — деп жазды жайдарманшының әйелі.

    Әзірге Мансар Орынханның өзі ешқандай пікір білдірген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →