Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге іс-сапармен барды.
Фото: Aqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу мақсатында Мәскеу қаласына іс-сапармен келді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысын Мәскеу әуежайында Ресей Федерациясы Үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылайды деп күтілуде.
