Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент •

    Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

    Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

    Фото: видеодан скрин

    Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған 25 жастағы жүргізуші 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға түнгі патрульдеу кезінде болған. Полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлікті тоқтатқан.

    Тексеру барысында рөлде алкогольдік масаң күйдегі Қаратал ауданының 25 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Сондай-ақ оның міндетті сақтандыру полисі болмаған және көліктің техникалық байқаудан өткені туралы құжаты болмағаны белгілі болды.

    Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені, сақтандыру полисі мен техникалық байқау құжаты болмағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сот шешімімен азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →