Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады Ұлттық қордан бөлінетін 5 трлн теңге инфляцияны өршітпейді — Сүлейменов Қарағанды тұрғыны суретін рұқсатсыз жариялағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ке түсірді Құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру отандық бизнеске серпін беруі тиіс — Олжас Бектенов

    Терроризм, сепаратизм және экстремизм: Президент «үш зұлым күшке» қарсы күресті нығайту керектігін айтты

    Терроризм, сепаратизм және экстремизм: Президент «үш зұлым күшке» қарсы күресті нығайту керектігін айтты

    Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның ортақ сын-қатер мен қауіптерді еңсеру ісіндегі әлеуетін арттыру жұмыстары дер кезінде қолға алынып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев «үш зұлым күшке» қарсы күрес Ұйым ынтымақтастығының тұрақты назарында болуға тиіс деп санайды.

    – Қазақстан осы бағыттағы ықпалдастықты ұдайы нығайтуға ниетті. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі сіздермен келісілген ынтымақтастық бағдарламасы бұл бағытта жасалған нақты қадам саналады. Өз кезегінде ШЫҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясы бойынша жұмыстың аяқталуы, терроризмді қаржыландыру арналарын бұғаттауды қоса алғанда, есірткі қаупіне қарсы күресу үшін өзара қабылданып жатқан шараларды күшейте түседі. Осы жетістіктердің барлығы – Ұйым кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі келісілген және нақты шаралардың айқын дәлелі. Бұл халықаралық қатынастардың жаһандық архитектурасындағы ұстанымды нығайту, ШЫҰ-ның әлемдегі беделі мен рөлін арттыру тұрғысынан да маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →