Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Шымкентте мектеп басшылығы бухгалтермен бірге 48 млн теңге жымқырған

    Шымкентте мектеп басшылығы бухгалтермен бірге 48 млн теңге жымқырған

    Фото: NewTimes.kz

    Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлім еткендей, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →