Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды •

    Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

    Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды
    Фото: atyrau_tjd
    2024 жылдың 15 мамырында Атырау облысында аурудың асқынуынан құтқарушы қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
    15 мамырда Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Әбдіқасым Ілияс Мирамғалиұлы денсаулығына байланысты өмірден өтті.

    «Әбдіқасым Ілияс азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарды. Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білді. Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын. Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды. Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!», деп жазды Атырау облыстық ТЖД.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →