Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі

    Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі

    Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды онлайн тіркеуді жөн көреді. Өткен жылмен салыстырғанда «Blockchain» технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 25 мың операция жасалды.

    Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында сұранысқа ие.

    Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды. Бұған қоса,  тұрғын емес үй-жайлармен кепілді тіркеу де қолжетімді болды.

    Айта кетерлігі, Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Сонымен, Blockchain пәтерді рәсімдеу уақытын 3 күннен 1 сағатқа дейін қысқартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →