Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты Жыл апаты: Непалда белгісіз 229 мәйіт жерленді   Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты Жыл апаты: Непалда белгісіз 229 мәйіт жерленді   Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

    Берлиннің бұрынғы мэріне шабуыл жасалды

    Берлиннің бұрынғы мэріне шабуыл жасалды

    Сейсенбі күні Берлиннің бұрынғы мэрі және Jn Отбасы істері жөніндегі федералдық министрі Франциска Гиффиге шабуыл жасалды.

    Берлин кітапханасындағы шара кезінде белгісіз ер адам оның артынан келіп, ішіне қатты зат салынған сөмкемен ұрып жіберген. Саясаткер басы мен мойнынан жарақат алып, амбулаторлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды.

    Полиция шабуылдаушыны ұстады, ол 74 жастағы ер адам болып шықты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның бойында «психикалық ауру белгілері» бар. Күдіктінің шабуылына не себеп болғаны анықталып жатыр. Ер адамның пәтерінде тінту жүргізілді.

    Шабуылдан кейін Ф.Гиффи оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол болған жағдайға алаңдайтынын, сондай-ақ Германиядағы саяси белсенді және адал адамдарға шабуылдың жиілеп жатқанын айтты.

    Өткен аптада Еуропарламент депутаттығына жетекші кандидаттардың бірі социалист Маттиас Экке Дрезденде плакаттар ілу кезінде ауыр жарақат алды. Полиция тым оңшылдармен байланысы болуы мүмкін төрт жасөспірімді тергеп жатыр.

    Бұған дейін қалада «жасылдар» қозғалысының белсендісі соққыға жығылды, ал сейсенбіде партияның Ивонна Мослерге шабуыл жасалды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →