Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

     Қызылорда облысында 2 сиыр мен 11 бас қой өртеніп кетті

     Қызылорда облысында 2 сиыр мен 11 бас қой өртеніп кетті

     Қызылорда облысында өрт салдарынан мал қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 12.33-те Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кенті Б. Өтепов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.

    «Оқиға барысында 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кеткені белгілі болды. Оған Сырдария ауданындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келмегені анықталды» деп мәлім етті Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

    Аталған мекенжайда мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →