Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді •

    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды

    Маңғыстау облысында Иранның кәмелетке толмаған азаматы асқазанында 113 капсуладағы 1 келіден астам опиймен ұсталып, 10 жылға сотталды.

    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды

    Фото: Newtimes.kz

    Маңғыстау облысында Иранның кәмелетке толмаған азаматы есірткі контрабандасы бойынша кінәлі деп танылды. Ол Қазақстанға асқазанының ішінде 113 капсулаға салынған бір келіден астам опийді өткізуге әрекеттенген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны есірткі контрабандасы, сондай-ақ өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

    Сот анықтағандай, 2026 жылдың мамыр айында сотталған адам «Горган — Ақтау» рейсімен келіп, асқазанында жалпы салмағы бір келіден асатын опийі бар 113 капсуланы алып жүрген. Оларды Маңғыстау облысы ҰҚК департаментінің қызметкерлері тауып, тәркілеген.

    Іс бойынша мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады. Үкім заңды күшіне енді.

    Бұған дейін Қазақстанда рэпер Navai-дың ұсталғаны белгілі болған. 15 қазанда Қордай аудандық соты музыкантты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Бастапқыда ол 14 желтоқсанға дейін қамауда болады деп болжанған. Кейін Қазақстан ІІМ Navai-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бакиров кінәсін мойындап, өкінгені хабарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →