Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Наташа Қалымбетова АҚШ-та қызымен қауышып, ДНҚ туыстығын растады • Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды • Ирина Юнусметова Дохадағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті •

    «Аса ірі көлемде пара алған»: Қазақстан қарулы күштерінің жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды

    «Аса ірі көлемде пара алған»: Қазақстан қарулы күштерінің жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды

    Фото: Liter.kz

    Антикор ҚР Қарулы күштеріне қарасты басқарма басшысын аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ҚР Қарулы күштері әскер инфрақұрылымының бас басқармасының күрделі жұмыс басқармасының бастығын ұстады.

    «Ол қарулы күштердің қажеттіліктері үшін модульдік ғимараттарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою кезінде пара берушінің мүдделерін жалпы қамқорлығы үшін қосалқы мердігерлік ұйымдардың өкілдерінен аса ірі көлемде пара бопсалау бойынша күдікті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →