Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соболенконың сенімсіздігі «негативтен» деп түсіндірді Рик Маччи • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Соболенконың сенімсіздігі «негативтен» деп түсіндірді Рик Маччи • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты •

    ШҚО-да пробациядағы 250-ге жуық адам түрмеге қамалды

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 1400-ге жуық сотталғандардың тарапынан көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Тізім бойынша 250-ге жуық есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жіберілді. Сот шешімі негізінде сот залынан қамауға алынып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

    «Бұл адамдарға бұрын қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескерткен. Алайда ескертулерге қарамастан, есепте тұрғандар жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырды. Қызметкерлер пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды», – деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Каим Ожиканов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →