Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті • Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО) • Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды • Әлемге әйгілі жапон жазушысы Рю Мураками 74 жасында өмірден өтті • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) •

    Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды

    Иллюзияға сенген астаналықтар 413 млн теңгесінен айырылды

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Астаналықтарды «үй алып береміз» деп құр иллюзияға сендірген қылмыстық топтың жеті адамы ұзақ жылға сотталуы мүмкін. Олар 51 адамнан 413 млн теңге алдап алды деген күдікке ілініп отыр, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, жеті адам төрт жыл бойы «білдіртпей» жұмыс істеген. Ұйымдасқан қылмыстық топ жеңіл ипотека арқылы үй және тиімді шарттармен несие алып береміз деп алдаған.

    «Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген. Сонымен қатар, олар азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды байланыстары бар екеніне сендірген», — деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

    Осылайша, олар 51 адамнан 413 млн теңге алдап алған. Прокуратура олардың ісі Қылмыстық кодекстегі екі ауыр бап, яғни, қылмыстық топ құру, ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасау, ұйымдасқан топқа басшылық ету және оның қызметіне қатысу сынды баптармен тергеп, олардың ісін сотқа жіберген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →