Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды •

    14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты

    14 жастағы Ксенияның домбыра үшін алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты. Блогер Эмин Хаджиевтің бейнеролигі әлеуметтік желіде резонанс тудырды.

    14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты

    Сурет: newtimes.kz

    14 жастағы Ксенияның домбыра үшін алған миллион теңгелік несиесін белгісіз қайырымды жан толығымен жауып берді. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнероликтен кейін белгілі болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Блогер Эмин Хаджиев көшеде Ксенияны кездестіріп, одан домбырада ойнауды сұраған. Әңгіме барысында қыздың бірнеше жылдан бері музыкамен айналысып, конкурстарға қатысып жүргені анықталды. Ол шамамен бір миллион теңге тұратын аспапты анасының несиеге алғанын айтқан.

    Мектеп оқушысының ұлттық аспапта ойнаған шеберлігін көрсететін бейне бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған қаралым жинады. Жарияланымнан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Ксенияның ойынына тәнті болып, оның отбасына көмек ұсына бастады. Эмин Хаджиевтің айтуынша, ролик шыққаннан кейін оған қызды қолдағысы келген бейтаныс адамдар хабарласып, отбасының байланыс деректерін сұраған.

    «Бұл қыздың домбырасы үшін несие толығымен жабылды. Мұны кім жасағанын айта алмаймын. Олар есімдерін жасырғысы келді. Қалаушылар өте көп болды», — деді блогер.

    Сонымен қатар ол Ксенияға сахнада киюге арналған, ол армандаған ұлттық стильдегі көйлек тігіліп жатқанын хабарлады.

    Бұған дейін интернетте «Маска киген адам» деген атпен танымал қазақстандық қайырымды жан қиын жағдайға тап болған отбасыға көмектескен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →