Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО) • «Тағдырдың жазуымен»: Әнші Айжан Нұрмағамбетова ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) • Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент •

    Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды

    Қазақмыс металлургі жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа өндірістік қызметтегі айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысы әкесінің жолын жалғастырып, 40 жылдан астам уақыт металлургия саласында еңбек етіп келе жатқан және кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген металлургтің еңбегін ерекше атап өтті.

    «Өзінің кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында ол зор жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына елеулі үлес қосты», – деп атап өтті Президент.

    Әбдірашит Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.

    Бұл жоғары марапат – Әбдірашит Доспановтың көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы ғана емес, күнделікті қажырлы еңбегімен отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

    Әріптесімізді жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →