Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда 

    Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда 

    Фото: видеодан скрин

    Қарағанды облысындағы Новодолинский кентінде жаңа ауызсу құбырын тарту жұмыстары үлкен жанжалға ұласты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жергілікті водоканал қызметкерлері құбырлардың орналасу картасын қате беріп, мердігер ұйым кәріз жүйесін тесіп алған. Салдарынан жылдар бойы тазаланбаған құдықтардағы лас су сыртқа лықсып, көшелер мен тұрғын үйлердің түбіне дейін жайылып жатыр. Жауапты мекеме өкілдері нәжіс суын сорып тазалаудан ашық түрде бас тартқан. Қазған орға толған нәжісті экскаватор шөмішімен сыртқа, тура халықтың үйінің маңына төгіп жатыр. Ашынған жұртшылық облыс әкімдігінен бұл бассыздыққа тез арада араласып, шара қолдануды талап етуде.

    Дереккөз: @shk_kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →