Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

    Фото: Ақорда 

    International Woman’s Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдерді атап өтті. Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тең басшысы вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне кірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (SputnikV), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнеке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) пандемиямен күреске айтарлықтай үлес қосқан.

    Қазақстанда әзірленген QazVac (QazCovid-in) вакцинасы тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған вакцина. Қазақстандық вакцинаны әзірлеу технологиясы уақытпен сыналған, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде мақұлданған. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары.

    Күнсұлу Закария – биологиялық қауіпсіздік саласындағы беделді ғалым. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері Lancet-тен EClinicalMedicine, Frontiers in Microbiology, Infectious Diseases of Poverty, Veterinary Microbiology, Tropical Animal Health and Production, Plant Protection Science және т.б. жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар ретінде жарияланды. Ол сонымен қатар көптеген ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, патенттердің және профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттардың авторы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →