Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді

    Алматының Жетісу ауданында жыл басынан бері 19 шақырым жол жөнделді

    Алматының Жетісу ауданында жыл басынан бері 19 шақырым жол жөнделді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Ұзындығы 2,6 шақырым болатын төрт мекенжайда тротуарлар жөнделді, жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрайтын 27 мекенжайдағы арық желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Әкімдік ауданда сыртқы келбетті жақсарту жұмыстарының қарқынын арттыруда. 7700 ағашты санитарлық кесу және 2100 дана көлемінде формалық кесу жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер мен жастар қатысқан 25 сенбіліктің нәтижесінде 528 текше метр қоқыс шығарылды.

    Гүлнар Көкебаева ауданда Қазыбаев – Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек  және Сейфуллин — Солтүстік айналым – Рысқұлов – Боралдай көшелерінің квадратында сумен жабдықтау және судан бұру желілерін төсеу жұмыстары аяқталатынын хабарлады.

    Сонымен қатар, Кемел шағынауданы мен Паладин, Павлодар, Бурундайская көшелері және Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Кудерин көшелерінің квадратында электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылдың 4 тоқсаны.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →